Ұшақ апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі: қайда хабарласу керек

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңындағы әуе апатынан мерт болған және зардап шеккен жандардың таныс-туыстарына үндеу жасады. 

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі
Фото: freepik.com

— Біз тізімдегілердің туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетеміз, олардың бұл жерде таныс-туыстары жоқ шығар. Олардың дені шетелдіктер. Егер Ақтау қаласына баратын жандар болса +7 702 525 31 01 нөмірлі ұялы телефонды жазып алыңыз, тәулік бойы көмек ұсына алады. Ең бастысы, кімнің туысы екеніңізді айтсаңыз болғаны, — деп жауап берді Марат Қарабаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетсек, алдын ала ақпарат бойынша, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан тірі қалған қазақстандықтар жоқ. 

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауға барып ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты

Өкінішке қарай, еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев ұшақ бортында болған барлық қазақстандық мерт болғанын хабарлады

Соңғы жаңалықтар