«Үй шебері» қызметтерінің құны қанша

АСТАНА. KAZINFORM — Картинаны ілу, перде ілетін құрылғы немесе аспашам орнату қызметінің құны жұмыстың қиындығы қарай өзгеріп отырады. Баға арасындағы айырмашылық қалалар мен шеберге артылатын жұмыс түріне қарай ондаған мың теңгеге жетті.

Где в Казахстане дороже вызвать «мужа на час»
Фото: Kazinform/ЖИ

Қазақстанда «үй шебері» қызметтерінің құны 1 000 теңгеден басталып, 85 000 теңгеге дейін жетті. Оған үйдегі шағын жөндеу жұмыстарынан бастап уақыт пен ұқыптылықты қажет ететін қыш тақтайша төсеу, тұрмыстық техникаларды орнату қызметтері де кіреді.

Еліміздегі 20 қаланың ішінде баға Көкшетау қаласында төмен. Қызмет құны 1 000 теңгеден басталады. Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Тараз және Қызылорда қалаларында қызмет құны 2 000 теңге және одан жоғары. Астана, Ақтау, Өскемен, Шымкент, Түркістан және Қонаев қалаларында ең төменгі баға — 3 000 теңге. Талдықорғанда қызметтер құны 3 500 теңгеге, ал Семейде 4 500 теңгеге жетті.

Ең жоғары баға Шымкентте тіркелді. Мұнда 85 000 теңгеге дейін жетті. Астанада қызмет құны 60 000 теңгеге, Алматы мен Атырауда 50 000 теңгеге дейін барады. Қонаевта баға 40 000 теңгеге, ал Қарағанды мен Жезқазғанда 30 000 теңгеге дейін жетіп тұр.

Қостанай, Түркістан және Қызылорда қалаларында қызметтің ең жоғары құны 25 000 теңге болады. Ақтау мен Таразда 20 000 теңге, ал Ақтөбе мен Оралда 15 000 теңге. Павлодар, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында ең жоғары баға 10 000 теңгеден аспайды. Петропавлда 7 000 теңге болып тұр.

Демек еліміз бойынша ең төмен баға Көкшетауда, ал ең жоғары шекті баға Шымкентте тіркелді. Екі қала арасындағы баға айырмасы — 84 000 теңге. Сонымен бірге баға жұмыстың күрделілігіне қарай өзгеретінін естен шығармаған жөн.

«Үй шебері» қызметтерінің құны қанша
Инфографика: Kazinform

Қызметтің түпкілікті құны жұмыстың түріне, көлеміне, монтаждау күрделілігіне және қосымша материалға қарай өзгереді. Сондықтан бағады салыстырғанда қаланы ғана емес, шебердің нақты қандай жұмыс атқаратынын ескеру керек.

Бұған дейін Kazinform агенттігі Қазақстан қалаларында бала күтушісінің қызмет құны қанша екенін жазды.