Үйі суға кеткен ақтөбеліктерден мыңнан астам өтініш қабылданды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы бойынша 1200-ден астам өтініш қабылданды. Көбі Ақтөбе қаласында тіркелді.

Су тасқыны
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе облысы бойынша шығынды есептеу комиссиясы жұмысын жалғастырып жатыр. Олар екі күннің ішінде 1237 өтініш қабылдады.

- Өтініштер эвакуациялық пункттерде және аудандардағы әкімдіктерде қабылданып жатыр. Ең көп өтініш Ақтөбе қаласы Алматы ауданынан түскен. Мұнда комиссия 732 өтінішті қабылдады. Құжаттар Ақтөбедегі №18, 45, 8, 2, 14, 31, 22, 36, 26, 16, 40, 47, 30, 12, 5, 71, 53, 57, Қызылжар және М.Арын атындағы мектептерде және Алматы мен Астана аудандарының әкімдіктерінде қабылданады. Ал Ойылда Ш.Бекмұхамбетов атындағы мектеп-гимназия, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен аграрлық колледжінде, Қобда, Мұғалжар, Әйтеке би, Темір аудандық әкімдіктері мен Саркөл, Алтықарасу және Кеңесту ауылдық округтерінің әкімдіктерінде орналасқан, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша 5 аудан мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды. Сәйкесінше комиссия осы аудандар мен қалада жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар