Үй жанындағы дүкендер мен әлеуметтік тауар сатушылар үшін ҚҚС өспейді – Сауда министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжілістің отырысынан кейін қосылған құн салығы өссе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына қалай әсер ететінін айтты.

Үй жанындағы дүкендер мен әлеуметтік тауар сатушылар үшін ҚҚС өспейді – Сауда министрлігі
Фото: Александр Павский/Kazinform

- Қазіргі таңда үй жанындағы дүкендерге қосылған құн салығын қоспау мәселесін қарастырып жатырмыз. Негізгі түсіністік бар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында қосылған құн салығын көтеру мәселесі жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға да қосылған құн салығы өспейді деп пайымдап жатырмыз, жоспарлап жатырмыз, - деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қосылған құн салығының өскеніне қарамастан өсуі мүмкін екенін айтады.

- Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы әрдайым болады. Бірақ сіз айтып отырғандай қарқынды өсім болмайды, - деді Қайрат Төребаев.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің арасындағы Орталық Азия «халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы заңды қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар