Ұялы байланыс нарығына жаңа операторлардың шығуын не шектеп отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы монополияланған. Сондықтан, басқа байланыс операторларының нарыққа шығуы мүмкін емес. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған консультативтік құжатта жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5G жиіліктерін бөлу бойынша соңғы аукционның қорытындылары оның шеңберінде радиожиілік спектрінің «Қазақтелеком» компаниялар тобына берілді. Осылайша, ұялы байланыс нарығының монополиялануын күшейтті. Бұл ретте, аукциондардың қорытындылары жеке операторлардың квазимемлекеттік сектормен аукциондарда бәсекеге түсе алмайтындығын көрсетті. Сонымен, «Beeline» және «Freedom Holding Corp» сияқты әлеуетті операторлар «Қазақтелеком» және оның мобильді операторларының біріккен консорциумына қарсы тұра алмады», - деп мәселе көтерген агенттік.

Ведомство дерегінше, радиожиіліктерді иелену бойынша «Қазақтелекомға» нарықтың 82 пайызы, «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 18%-ы тиесілі. Бұл жаңа операторлардың нарыққа шығуына кедергі болып отыр.

«Ұялы байланыс нарығы монополияланған. Осыған байланысты монополиялық ойыншылардың радиожиілікті сатып алуға қатысуын шектеу тетігін енгізу қажет. Онсыз басқа байланыс операторларының нарыққа шығуы мүмкін емес», - деп агенттік аталған мәселенің шешімін ұсынған.


Соңғы жаңалықтар