Үйлерін су қиратқан ақтөбеліктердің бірқатары жаңа үй салып алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Қурайлы ауылында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындардың өздері салып бастаған үйлердің алғашқысы аяқталып, бүгін қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Үйлерін су қиратқан ақтөбеліктердің бірқатары жаңа үй салып алды

Ақтөбедегі су тасқыны кезінде баспанасыз қалған отбасылар жаңа мекендегі құрылыс жұмыстарын бастап, кейбірі үй салып алды. 
null 

«Үй құрылысына жер беріліп, қажетті материалдар жеткізілді. Құрылыс жұмыстарын 15 күн жүргізіп, аяқтап алдық. Өз қаржымызды да салдық. Құрылыс кезінде туған-туыстарымыз көмектесті»,- деді Ғалымжан Өмірзақов. Бұған дейін Махамбетовка ауылында тұрып, көктемгі су тасқыны кезінде баспанасыз қалған Өмірзақовтар отбасында 10 жан бар. Отағасы теміржолшы. Құрылыс кезінде ұжым көмектестіп, қолдау көрсеткен.

Бірақ құрылыс кезінде өз күшіне сеніп, жұмыстан бос уақытында ғана баспана салып жатқан адамдар бар. Олар құрылысты тым баяу жүргізіп жатыр.
null 

«Ені 5, ұзындығы 9 метр. Негізгі құрылыс материалы ені 4, ұзындығы 8 метрге есептеліп берген еді. Құрылыс жұмыстарын тек күйеуім мен ұлым жасайды. Екеуі де базарда арба сүйрейді, кейін келіп, үйімізді салады. Күніне 1-2  мың теңге табысымыз бар. Өзім бала күтімімен үйде отырмын»,- деді Ақнұр Аманшина.

Су тасқыны кезінде баспанасы қинап қалған ақтөбеліктер жер телімін алған соң жаңа үйдің аумағын кеңейтіп салып жатыр. Бірі құрылысты аяқтап, қуаныш тойын тойлап жатса, екіншілері бүгін іргетасын қалады. Жоспар бойынша күз келіп, қыс түскенше құрылысты аяқтап, тұрғындар үйлеріне кіруі қажет. Ал инфрақұрылымдардың барлығын, яғни, электр тоғы, су мен газды жергілікті коммуналдық мекемелер тегін жеткізіп берді.