В. Божко Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша Петропавл тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді
Күннің бірінші жартысында ол «Мұнаймаш» АҚ және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ ірі өнеркәсіп мекемелеріне барды, сонда цехтердің ағымдағы жұмысының өндірісімен танысты.
Содан соң топ жетекшісі Н.Погодин атындағы драмалық театрда облыс әкімі Ерік Сұлтанов, депутаттар, атқарушы органдардың өкілдері қатысқан өңір белсенділерімен жүздесті. Кездесу барысында Владимир Божко Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары туралы әңгімеледі.
Күннің екінші жартысында министрдің орынбасары М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетінің басшылығымен, профессорлар мен оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Басқосуда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Жолдаудағы негізгі міндеттерді саралады, деп хабарлады СҚО ТЖ жөніндегі департаментінен.