Ватикандағы тарихи концерт: әлемдік жұлдыздар және дрон шоуы

АСТАНА. KAZINFORM – Ватикандағы Әулие Петр алаңында алғаш рет эстрадалық концерт өтіп, Еуропадағы ең үлкен дрон шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды National Geographic.

Исторический концерт в Ватикане: мировые звезды и шоу дронов
Фото: oxu.az

Grace for the World концертінде итальяндық тенор Андреа Бочелли, америкалық әнші Фаррелл Уильямс және басқа да танымал әртістер өнер көрсетті.

Концерт 2025 жылғы «Адамзат бауырластығы 2025» Дүниежүзілік кездесуін аяқтады.

Іс-шарада бұдан басқа бірнеше мың дрон әуеде үш өлшемді жүректі, бейбітшілік көгершіндері бейнесін жасап және марқұм Рим Папасы Францисктің портретін жаңғыртты.

Әрқайсысының салмағы небәрі 350 грамм болатын дрондар 16 млн түсті жаңғырта алады. Бұл – Илон Масктың інісі, бас директор Кимбал Масктың туындысы. Ол 2024 жылдың басында, Рим Папасы Францисктің тірі кезінде жарық шоу жасау идеясымен Ватиканға алғаш рет келген еді. Кимбал Масктың командасы жобаны үйлестіруге, рұқсаттарды алуға және бағдарламаны әзірлеуге 18 ай жұмсады.

Алаңда шоуды қорғаныс министрі Гидо Крозетто мен Рим мэрі Роберто Гуалтиери тамашалады. Іс-шараға барлығы 80 мыңнан астам адам қатысты.

Осыған дейін Қытайда ұйымдастырылған алып дрон шоуы Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар