Венесуэладағы оқиғаға байланысты әлем елдерінің реакциясы қандай
АСТАНА. KAZINFORM – Бірнеше елдің билігі АҚШ-тың Латын Америкасы еліне жасалған көлемді шабуылынан кейін Венесуэладағы жағдайға қатысты алаңдаушылығын білдірді.
Колумбия
Колумбия БҰҰ Жарғысында бекітілген қағидаттарға, атап айтқанда, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге, күш қолдану қаупіне немесе оған тыйым салуға және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешуге берік екенін растады. Осыған байланысты Колумбия үкіметі жағдайды ушықтыруы немесе бейбіт тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін кез келген біржақты әскери әрекетті қолдамайды.
– Мемлекет аймақтық бейбітшілікті сақтауға және шиеленісті азайтуға, барлық тарапты қақтығысты ушықтыратын әрекеттерден бас тартуға және диалог пен дипломатиялық арналарға басымдық беруге шақырады, - деп мәлімдеді Колумбия президенті Густаво Петро.
El Gobierno de la República de Colombia observa con profunda preocupación los reportes sobre explosiones y actividad aérea inusual registrados en las últimas horas en la República Bolivariana de Venezuela, así como la consecuente escalada de tensión en la región.
— Gustavo Petro (@petrogustavo) January 3, 2026
Colombia…
Ол сондай-ақ алдын алу шарасы ретінде ұлттық үкімет бейбіт тұрғындарды қорғау, Колумбия-Венесуэла шекарасында тұрақтылықты сақтау және кез келген ықтимал гуманитарлық немесе миграциялық қажеттіліктерді жергілікті билік органдарымен және тиісті мекемелермен үйлестіре отырып жедел шешу үшін шаралар қабылдағанын айтты.
Куба
Президент Мигель Диас-Канель Бермудес әлеуметтік желілерде АҚШ-тың әрекеттерін қатаң айыптады.
– Куба Құрама Штаттардың Венесуэлаға жасаған қылмыстық шабуылын айыптайды және халықаралық қауымдастықтан шұғыл жауап беруін талап етеді. Біздің бейбітшілік аймағымыз қатыгез шабуылға ұшырап отыр, - деп мәлімдеді ол.
#Cuba denuncia y demanda URGENTE reacción de la comunidad internacional contra criminal ataque de E.U a #Venezuela. Nuestra #ZonaDePaz está siendo brutalmente asaltada. Terrorismo de Estado contra el bravo pueblo venezolano y contra Nuestra América.
— Miguel Díaz-Canel Bermúdez (@DiazCanelB) January 3, 2026
Patria o Muerte ¡Venceremos!
Еуропалық Одақ
Еуродипломатия басшысы Кая Каллас АҚШ-ты Венесуэла төңірегіндегі жағдайда сабырлық танытуға шақырды. Ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен жағдайды талқылағанын хабарлады.
– ЕО Мадуроның заңдылығы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеді және биліктің бейбіт жолмен ауысуын жақтады. Халықаралық құқық және БҰҰ Жарғысының қағидаттары барлық жағдайда құрметтелуі керек. Біз сабырлыққа шақырамыз, - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
#Cuba denuncia y demanda URGENTE reacción de la comunidad internacional contra criminal ataque de E.U a #Venezuela. Nuestra #ZonaDePaz está siendo brutalmente asaltada. Terrorismo de Estado contra el bravo pueblo venezolano y contra Nuestra América.
— Miguel Díaz-Canel Bermúdez (@DiazCanelB) January 3, 2026
Patria o Muerte ¡Venceremos!
Ресей
Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеудің Венесуэла халқымен ынтымақтасып, ел басшылығының егемендікті қорғауға бағытталған бағдарын қолдайтынын мәлімдеді.
– Қазіргі жағдайда, ең алдымен, одан әрі шиеленістің алдын алу және диалог арқылы шығу жолын табуға назар аудару маңызды. Біз бір-біріне наразы болуы мүмкін барлық серіктес мәселелерді диалог арқылы шешу жолдарын іздеуі керек деп санаймыз. Біз оларды бұл тұрғыда қолдауға дайынбыз, - делінген мәлімдемеде.
Иран
Иран Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде «Американың Венесуэлаға әскери шабуылын және елдің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзуын қатаң айыптайтынын» жеткізген.
Бұған дейін Венесуэла президенті жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланғанын жазған едік.