Видеоойыннан франшизаға дейін: Pokémon 30 жылдығын атап өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияда Pokémon Red and Green сериясының алғашқы ойындары шыққанына 30 жыл болды. Аталған ойындар бүгінде әлемдік ойын-сауық индустриясының сәтті әрі ықпалдысы болып отыр.

Pokémon отмечает 30-летие: от видеоигры к самой успешной франшизе
Фото: Kyodo

Бүгінде Pokémon-ды видеоойындардан ғана емес, сонымен қатар анимациялық сериалдар, коллекциялық карта ойындары мен өзге де көптеген бағыттардан көруге болады.

Ойын 1996 жылы алғаш рет Nintendo Game Boy портативті консолиіне шыққанда оның осыншалық танымал болатынын ешкім де ойламады.

Алайда оған деген адамдардың жақсы көзқарасы мен бағасының арзандығына байланысты алғашқы жылдың өзінде миллионнан астап көшірме сатылды, деп жазады ВВС.

Танымал анимациялық сериал және оның негізінде шыққан коллекциялық карталық ойын (TCG) бұл құбылысты ауқымды трендке айналдырды. Ол соншалық кең таралып, БАҚ оған «Покемания» деген атау берді.

2016 жылы бренд GPS пен құрылғы камерасын пайдаланып, виртуалды кейіпкерлерді нақты ортада көрсетуге мүмкіндік берген Pokémon GO мобильді ойынын шығарып, екінші жаһандық толқынның басталуына себеп болды.

Содан бері қосымша бір миллиардтан астам рет жүктелген.

COVID-19 пандемиясы кезінде Pokémon-ға қатысты контент көлемі күрт артты.

Pokémon негізгі сериясының соңғы бөлімдері, әлі де бастапқы әзірлеуші Game Freak тарапынан шығарылып келеді, алайда графикадағы жаңашылдықтың жеткіліксіздігі үшін сынға ұшырады.

Сонымен бірге соңғы ойын — Pokémon Legends ZA геймплейі үшін бірқатар сыншылар тарапынан жоғары бағаланды және Nintendo мәліметінше, 12 миллионнан астам данамен сатылған.

Осыған дейін Жапонияда Nissan сатылымы 30 жылда ең төменгі деңгейге түскені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум