Вице-президент Родригес: Венесуэла ешбір елдің отары болмайды
АСТАНА. KAZINFORM — Венесуэла вице-президенті Делси Родригес АҚШ-тан Николас Мадуроны дереу босатуды талап етіп, «Венесуэла ешбір елдің отары болмайды» деп мәлімдеді. Бұл туралы Анадолу агенттігі жазды.
АҚШ-тың араласуынан және президент Николас Мадуро мен оның жұбайының ұрлануынан кейін Венесуэланың Қорғаныс кеңесі төтенше отырысқа жиналды.
Отырыс барысында сөз сөйлеген Венесуэла вице-президенті Делси Родригес АҚШ-ты «президент Мадуроны дереу босатуға» шақырды.
Родригес ел ішіндегі тыныштықты қамтамасыз етуге және ұлтты қорғауға үндеді.
«Венесуэла ешбір мемлекеттің отары болмайды», деді Родригес.
Сондай-ақ ол Мадуроның «ұлттың жалғыз заңды президенті» екенін атап өтті.
«Венесуэлаға жасалып отырған әрекет — халықаралық құқықты өрескел бұзатын жабайылық» деген ол АҚШ әкімшілігі тарих пен әділет алдында жауап беретінін ескертті.
Родригестің айтуынша, Венесуэланың бүкіл халқы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «бірікті». Қазіргі уақытта елде тыныш жағдай сақталып отыр және билік оны әрі қарай да ұстап тұруға барынша ниетті.
Айта кетейік, Венесуэладағы оқиғаға байланысты әлем елдерінің реакциясы қандай екенін жаздық.