Виза режимін жеңілдету: Қазақстан мен ЕО келіссөздің шешуші кезеңіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропаға виза режимін жеңілдету бойынша келіссөзде негізді жұмыстар пысықталып болғанын айтты. 

виза
Фото: montsame

— Еуропа одағымен виза режимін жеңілдету келіссөздер тоқтаған жоқ, яғни жалғасып келеді. Біздіңше, жыл ішінде соңғы келісімге қол жеткізілуі мүмкін. Атап айтқанда, бұл келіссөз бойынша шешуші кезеңде тұрмыз, — деді деді Ермек Көшербаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, 2025 жылғы желтоқсанда Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасындағы визаларды беру тәртібін жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер бойынша ресми келіссөздердің бірінші раунды өтті.

Келіссөздер барысында тараптар келісімдер жобаларына қатысты мазмұнды пікір алмасып, негізгі тәсілдер мен басымдықтарды айқындады. 

Соңғы жаңалықтар