Вокзал перронында 14 жасар бала тапаншамен ұсталды - Ақтөбе

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - ІІЖБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында, 25 шілде күні Ақтөбе стансасы теміржол вокзалының перроны бойында Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кентінің Б. есімді 14 жастағы тұрғынын ұстады.
None
None

 Тексеру кезінде одан ИЖ-78.8 деген жазулары бар магазинімен қара түсті тапанша табылып, тәркіледі. Сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар