Волейбол: «Ақтөбе» 7 матч бойы жеңілмей келе жатқан «Жетісуды» ұтты

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты үшінші үлкен турының ойындары мәресіне жетті.

ы
Фото: Ақтөбе ВК

Соңғы күні орталық матч турнир кестесінде бірінші және екінші орында келе жатқан «Ақтөбе» мен «Жетісу» клубтары арасында болды.

Марат Адрышев баптайтын талдықорғандықтар осыған дейін жеті кездесу бойы жеңілмей келе жатқан еді.

Дегенмен бұл жолы Сергей Трикоздың шәкірттері «Жетісуға» тосқауыл қоя алды – 3:1 (25:12, 22:25, 25:23, 25:19).

Үш турдан кейін талдықорғандықтар 53 ұпаймен көш бастаса, ақтөбеліктер (49 ұпай) оларға жақындай түсті. 

Оралдың «Жайығы» мен «Атырау» клубтары 44 ұпаймен үшінші-төртінші орынды бөлісіп тұр.

«Жайық» соңғы ойында Алматының «Буревестнигін» 3:0 (25:14, 25:15, 25:20) есебімен тізе бүктірді. Ал атыраулықтар «Ұшқын-Көкшетаудан» айласын асырды – 3:1 (25:17, 17:25, 25:14, 25:18). 

«Тараз» СҚО-ның «Есілін» қапы қалдырды – 3:1 (25:19, 19:25, 25:15, 26:24). 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан «Жетісудың» қатарынан 6 ойында жеңіске жеткенін жазған едік.

Сондай-ақ «Тұран» Орталық Азия чемпиондар лигасында күміс жүлдегер атанды.

Атыраулықтар «Жетісу» клубын тоқтата алмады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум