17:06, 06 Ақпан 2025 | GMT +5
Волейбол: «Қуаныш» командасы ел чемпионы «Тұранды» жеңді
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорған қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының төртінші турында «Қуаныш» пен «Тұран» кездесті.

Сәрсенбі күні Азамат Есімов жаттықтыратын солтүстікқазақстандықтар екінші орындағы Өскеменнің «Берел» командасын 3:1 жеңген еді.
Бүгін «Қуаныш» өткен жылғы ел чемпионы «Тұранды» (Түркістан) камбэк жасап, 3:1 (21:25, 25:21, 25:23, 25:20) есебімен тізе бүктірді. Осылайша, екінші орын үшін «Қуаныш» пен «Берел» арасында талас қыза түсті.
«Қарағанды» командасы Оралдың «Грация KZ» клубын 3:1 (20:25, 25:19, 27:25, 25:16) есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, «Ару-Астананың» күтпеген жерден «Қарағандыны» ұтып кеткенін жазған болатынбыз.