Волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты: Қазақстан алтынға таласады

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды. 

спорт
Фото: Бауыржан Тахауовтан

Қазақстандықтар жартылай финалда Таиланд құрамасымен шеберлік байқасты.

Бауыржан Тахауовтың шәкірттері айқын басымдылық танытып, 3:0 (25:15, 25:15, 25:5) есебімен жеңіске жетті. 

Екінші жартылай финалда Қытай Жапонияны 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауовтың айтуынша, ертең Қытаймен финалдық матч Қазақстан уақытымен сағат 13.00-де басталады.

Осыған дейін қазақстандық параволейболшылар Азия біріншілігінде финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасының Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар