Volkswagen-дегі ереуіл: компания мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 2 желтоқсанда Volkswagen жұмысшылары ескерту ереуіліне шықты. Volkswagen-нің стратегия және қаржы саласындағы коммуникациялар бөлімінің басшысы Кристофер Хаусс Kazinform агенттігіне компаниядағы ереуіл мен жалпы жағдай жөнінде, сондай-ақ Volkswagen AG талаптары туралы ресми мәлімдеме жолдады.

Volkswagen
Фото: Christopher Hauss' X account
Christopher Hauss
Фото: x.com/ChHauss

 

Ресми мәлімдеме:

- Volkswagen қызметкерлердің ескерту ереуілдерге қатысу құқығына түсіністікпен қарайды. Компания тұрақты және бірлесіп қолдау тапқан шешімге қол жеткізу үшін сындарлы диалог ұстанымын сақтауды жалғастырады. Осы ереуілдің біздің клиенттерге, серіктестерімізге және өндіріс орындарына әсерін барынша азайтуға тырысамыз. Сондықтан компания шұғыл жұмыстарды қамтамасыз ету үшін алдын ала мақсатты шараларды қабылдады. Компания осы жағдайға қатысты қосымша ақпарат береді. Сонымен бірге, біз ішкі байланыс арналарын пайдаланып, қызметкерлерге қазіргі жағдай туралы егжей-егжейлі мәлімет таратамыз, - делінген компания мәлімдемесінде.

Забастовки в Германии
Фото: x.com/InfoR00M

 

Volkswagen AG концернінің талабы:

Жұмыс орындарының кепілдігі

Volkswagen-нің жұмыс орындарына қатысты кепілдігі 1994 жылдан бергі ұжымдық шарттың бір бөлігі саналады. Ұжымдық шарт пен «Цифрлық трансформация жол картасы» келісімінің тоқтатылуы қазіргі экономикалық және құрылымдық қиындықтарға байланысты жасалып отыр. Кристофер Хаустың айтуынша, бұл өз кезегінде өндіріс алаңдары мен жұмыс орындарында кепілдіктерді қайта қарауға бағытталған.


Tarif Plus жүйесін қолдану

Tarif Plus санатын қолдану нақты кәсіпті немесе басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлер үшін жеке ұжымдық шартпен [RTV T+] реттеледі. Tarif Plus аясында қызметкерлердің жұмыс жағдайы компанияның стандартты ұжымдық шартында қарастырылған талаптардан ерекшеленеді. Бұл ретте жұмыс уақыты, бонустар мен қызметтік автокөлікті пайдалану тәртібінде айырмашылық бар.

2023 жылдың соңында компания осы жалақы санатындағы қызметкерлер тағайындалған кезде, тиісті талаптардың тұрақталатынын хабарлады. Келіссөздер барысында компания Tarif Plus аясында қызметкерлерге арналған бонус жүйесін қайта құрылымдау жоспарын ұсынды. Бұл тұрғыда оны кірісті бөлудің ұжымдық келісілген жүйесіне байланыстыру мақсатында жасалды.

Дуальды оқыту жүйесіндегі тағылымдамадан өтетіндер мен студенттерді жұмысқа орналастыру

Тағылымдамадан өтетіндерге арналған ұжымдық келісім бойынша Volkswagen жыл сайын 1400 орын беру міндетін алған. Алайда, бұған дейін сұраныс аз болғандықтан, оларды жұмысқа алуда қиындықтар жиі туындайтын. Бұл келісімнің тоқтатылуы тағылымдамадан өтетіндер мен дуальді оқыту жүйесінің студенттерін жұмысқа қабылдау және бос қызмет орындары тұрғысында нақты сұранысты үйлестіруге бағытталған. Бұл өз кезегінде қызметкерлер мен компания үшін тиімді жоспарлауды қамтамасыз етеді.

Еңбекақы

Еуропадағы және соның ішінде Германиядағы автомобиль өнеркәсібіндегі қазіргі үрдісті ескере отырып, компания IG Metall талаптарынан бас тартудан басқа маңызды іс-шараларды жүзеге асыру қажет деп санайды.

Volkswagen AG өз қызметкерлерінің жұмыс орындарын сақтау маңызды екенін айтып отыр. Ұжымдық келіссөздер процесі үшін Volkswagen AG-дағы ұжымдық келісімдерінде қамтылған қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға төмендету ұсынысы жасалды. Бұл қадам жаппай жұмыс орындарын қысқартуға жол бермейді.

Бірыңғай еңбек жағдайлары бар стандартты ұжымдық шарт

Компания бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін 35 сағаттық жұмыс аптасы және 2005 жылға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерді қорғау талабын жою сияқты шарттармен бірыңғай ұжымдық келісімді енгізу қажет деп санайды (HTV I).

Компания басшылығының пайымынша, 2005 жылға дейін (HTV I) компанияға қосылған қызметкерлерді қорғауды алып тастайтын 35 сағаттық жұмыс аптасы бар біркелкі еңбек жағдайларына арналған стандартты ұжымдық шарт тиімділікті арттырудың тағы бір элементі болады.

Тиімділікті көтерудің қосымша қадамдары

Компания ұзақ мерзімді табысқа жетуге көмектесетін тағы бір тиімділік іс-шарасын ұсынып отыр. Бұл тұрғыда мерейтойлық бонустарды және айына 170 еуро көлеміндегі ұжымдық келісілген бонусты жою керек екені айтылған.


Бұған дейін Германияның IG Metall кәсіподақ ұйымы Volkswagen автоконцернінің қызметкерлерін 2 желтоқсанда барлық VW зауыттарында басталатын жалпыұлттық ескерту ереуіліне шақырды. Бұл туралы жексенбі, 1 желтоқсанда Төменгі Саксония федералды штатындағы IG Metall аймақтық кеңсесінің басшысы Торстен Грёгер (Thorsten Gröger) мәлімдеді.

VW басшылығы жұмыстан босату және жұмысшылардың жалақысын қысқарту жоспарларынан бас тартпағандықтан, кәсіподақ концерннің зауыттарында ереуілдер өткізуге ниетті.

Жалақы бойынша IG Metall мен Volkswagen арасындағы келіссөздер 9 желтоқсанда жалғасады деп жоспарланған.

Еуропа мен Германиядағы ең ірі автокөлік өндіруші Volkswagen компаниясының кірісі 64%-ға төмендеді

Еске салсақ, Kazinform-ның меншікті тілшісі Volkswagen дағдарысы туралы талдау материал жасаған болатын

Соңғы жаңалықтар