World Boxing: Қазақстан бокс құрамасынан кімдер финалға өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты жартылай финалында бүгін, 13 қыркүйекте еліміздің атынан алты боксшы шаршы алаңға шығады.
Олардың 3-еуі ерлер, 3-еуі әйелдер арасында өтеді.
16:00. Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
18:00. Ерлер. 50 келі. Жартылай финал. Санжар Тәшкенбай — Алехандро Кларо Физ ()Куба
18:00. Ерлер. 55 келі. Жартылай финал. Махмұд Сабырхан — Лю Чуан (Қытай);
22:15. Әйелдер. 51 келі. Жартылай финал. Алуа Балқыбекова — Ци Синью (Қытай);
22:45. Ерлер. 70 келі. Жартылай финал. Төрехан Сабырхан — Одель Камара (Англия);
23:15. Әйелдер. 70 келі. Жартылай финал. Наталья Богданова — Шантель Рид (Англия).
Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалда Аида Әбікеева (65 келі). Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға жолдама алса, Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.