WTA қорытынды турнирінде бас жүлдеге таласатын теннисшілер белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде финалға шыққан теннисшілер анықталды.
Әлемнің 3-ракеткасы, ресейлік, 19 жастағы Мирра Андреева рейтингіде бесінші орындағы америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырды.
Әлемнің 6-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина рейтингіде 8-сатыдағы чехиялық Линда Носкованы ойсырата ұтты – 6:2, 6:1.
Осылайша, соңғы бәсекеде М.Андреева мен Э.Свитолина бас жүлдені сарапқа салады.
Бұл олардың осы дода барысындағы екінші кездесуі болмақ. Топтық бәсекеде М.Андреева Э.Свитолинаны айқын басымдылықпен жеңген еді – 6:4, 6:0.
Өзара ойындарда М.Андреева 2:1 есебімен алда келеді.
Ресейлік теннисші финалға барар жолда қарсыластарына тек 18 геймді берді. Бұл топтық кезең қайтадан енгізілген 2003 жылдан бергі үздік нәтиже болып есептеледі. Бұдан бұрын Польша өкілі Ига Швентек (2023) пен Жюстин Энен (2007) 19 гейм берген еді.
Жылдың қорытынды жарысының жүлде қоры 15,5 млн АҚШ долларына бағаланған. Өткен жылы мұнда қазақстандық Елена Рыбакина үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Колумбиядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған едік.
Сондай-ақ WTA қорытынды турнирінде жартылай финалға шыққан теннисшілер анықталды.
Теннисші Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы жарыста үздік шықты.