Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит байланыс топтары форматына көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің жетістіктері мен атқарылған жұмыстарды 40-қа тарта елдер мен ұйымдар қатысуымен құрылатын байланыс топтарының сарапшылары жалғастырады, деп хабарлады жұма күні Вашингтонда өткен саммит қорытындысы бойынша АҚШ Президенті Барак Обама.
None
None

Қатысушылардың бірлескен коммюникесіне сәйкес ядролық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі саммит бұл форматтағы соңғысы болды, деп хабарлады РИА Новости.

«Біз ядролық қауіпсіздік бойынша жаңа байланыс тобын құрамыз, бұл 30-дан астам елдердің жоғары деңгейдегі сарапшылар тобы, олар біздер қол жеткізген өзара іс-қимылды ұстап тұру, бұл жұмысты жүзеге асыру және алдағы жылдардағы ілгерілеуді ұстап тұру үшін тұрақты негізде кездесіп тұрады», - деді Обама саммит қорытындысында.

Осыған байланысты Ақ үй қазіргі саммиттің 39 қатысушы-елдері өкілдерінен басқа байланыс тобының жыл сайынғы кездесулеріне қатысуға БҰҰ, ИНТЕРПОЛ қызығушылығын білдірді деп мәлімдеді. «Ядролық қауіпсіздік бойынша (саммиттердің) нәтижелерді  ілгері жылжытқысы келетін басқа елдер де оған қатысуға шақырылады», делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.

Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммиті 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтті. 

Соңғы жаңалықтар