Яндекс жүргізушілерінің, курьерлердің еңбек құқығы қалай қорғалады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде 500 мыңнан астам қазақстандық Яндекс Такси және Glovo секілді платформаларда жұмыс істейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтып берді.

яндекс такси
Фото: Янедкс Такси/Facebook

Депутат Мемлекет басшысының маңызды тапсырмаларының бірі – платформалық жұмыспен қамтуды реттеуге қатысты екенін еске салды. 

«Біз қазір Еңбек министрлігімен өте жақсы механизмді пысықтап жатырмыз. Қазіргі уақытта елімізде 500 мыңнан астам азамат Яндекс Такси, Glovo және басқа платформаларда жұмыс істейді. Біздің алдымызда олардың құқықтарын қорғау міндеті тұр. Яғни еңбекке жарамсыздық парағы, еңбек демалысы, салығы, медициналық-әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде айтып отырмыз. Біз оларды қорғауымыз керек, ол үшін заңнамада тиісті нормалар болуы қажет», - деді Асхат Аймағамбетов Қазмедиа орталығында Еңбек министрлігінің алқа отырысында.

Спикердің айтуынша, теңдестірілген заң жобасы дайындалды және Үкімет осы бағытта жұмыс істеуде.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов еңбек қатынастары туралы жаңа заң жобасына депутаттар қандай ұсыныс енгізгенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар