Yandex Qazaqstan Дүниежүзілік көшпенділер ойынының финалын Кинопоиск-те көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM — 13 қыркүйекте Кинопоиск-те ең маңызды мәдени және спорт шараларының бірі — 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалы тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл халықаралық турнир көкпар, белбеу күресі және садақ ату сияқты көшпенділердің дәстүрлі дағдылары мен спорт түрлерін көрсететін ондаған елдің өкілдерін біріктіреді. Қазақстандықтар сағат 10:00-де басталатын көкпар жарысының жалғасын және белдесу бойынша финалдық жарыстар мен марапаттау рәсімін Кинопоиск арқылы тікелей эфирде көре алады.
Биыл Көшпенділер ойындары ерекше халықаралық назарға ие болды, себебі Еуразия континентінен келген спортшылармен қатар, америкалық ковбойлар, африкалық бедуиндер және австралиялық аборигендер де қатысты. Бұл ойындардың жаһандық шара ретіндегі маңызын одан әрі айқындай түсті, себебі әр континент өз салт-дәстүрін, дағдыларын және мәдени мұрасын бөлісті.
Бұл іс-шаралар көрермендерге әртүрлі халықтардың мәдени мұрасымен танысып қана қоймай, дәстүрлі спорт түрлерінің заманауи әлемде қалай сақталып, дамып жатқанын көруге мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойынының Кинопоиск-те көрсетілуі — Yandex Qazaqstan-ның ұлттық және мәдени шараларды қолдауға бағытталған бастамаларының бірі. Компания Қазақстандағы өз сервистерін белсенді түрде дамытып, жергілікті контентті қолжетімді етіп, жас шығармашыл тұлғаларды қолдап, елдегі ең ірі мәдени шараларды ұйымдастыруды жалғастыруда.
Мысалы, Яндекс Плюс жазылымы аясында көрермендерге қазақтың классикалық фильмдері кеңінен қолжетімді, оның ішінде «Қыз Жібек», «Отырардың күйреуі» және «Атаманның ақыры» сынды культтік фильмдер бар. Кинопоиск сонымен қатар жергілікті фильмдерді белсенді түрде қолдап, қазақстандық кинематографияның халықаралық аренада танымал болуына ықпал етеді.
Яндекс Музыка платформасында 500-ден астам Қазақстандық орындаушы ұсынылған, олардың қатарында Молданазар, Димаш, Nazima, Скриптонит және басқа да жұлдыздар бар.
2024 жылы іске қосылған ISKRA Qazaqstan жобасы Jazzdauren сияқты жас орындаушыларға өз танымалдығын арттыруға көмектеседі. Бұл заманауи технологиялардың Қазақстандағы креативті индустрияларды дамытуға, жергілікті контентті кең аудиторияға қолжетімді етуге қалай ықпал ете алатынының айқын мысалы.
Yandex Qazaqstan креативті индустрияларды дамытуға белсенді түрде инвестиция салып, жаңа кино және музыкалық жобаларды қолдайды. Яндекс Плюс жазылымдарынан түскен табыстар арқылы компания жас әртістер мен режиссерлерге арналған білім беру бағдарламаларын дамытады. Бұл бастамалар тек жергілікті контентті насихаттап қана қоймай, жас шығармашылық тұлғаларға жаңа мүмкіндіктер ашады.