YouTube Трамптың аккаунтын бұғаттағаны үшін шамамен 25 млн доллар төлейді

АСТАНА. KAZINFORM — YouTube бейнехостинг компаниясы 2021 жылы Капитолийдегі тәртіпсіздіктерден кейін аккаунттары жабылған АҚШ президенті Дональд Трамптың сотқа шағымын реттеу үшін 24,5 млн доллар төлеуге келісті, деп хабарлайды DW

YouTube Трамптың аккаунтын бұғаттағаны үшін шамамен 25 млн доллар төлейді
Коллаж: Kazinform/ whitehouse.gov/ wikipedia.org

Келісім шарттарына сәйкес, бұл соманың 22 млн доллары Ақ үйдің бал залын салуға жауапты Trust for the National Mall ұйымына жіберіледі. Қалған 2,5 млн долларды іс бойынша басқа талапкерлер, соның ішінде жазушы Наоми Вульф пен Америкалық консерваторлар одағы (American Conservative Union) арасында үлестіріледі.

Еске сала кетсек, 2021 жылы президент сайлауының қорытындысына наразы болған Трамп жақтастары Капитолий ғимаратына басып кіргеннен кейін Трамптың Facebook, Instagram, YouTube және Twitter аккаунттары бұғатталды. Әлеуметтік желі басшыларының пікірінше, саясаткер бұл акцияны өз жазбалары арқылы құптады. 
Алайда Трамптың өзі бұны заңсыз цензура деп бағалады.

Илон Маск 2022 жылдың аяғында X компаниясын (ол кезде Twitter деген атауымен белгілі) сатып алғаннан кейін ол Трамптың аккаунтын қалпына келтірді. 2023 жылдың ақпанында Меta және келесі айда — YouTube тура солай істеді.

Бұған дейін Трамптың Facebook және Twitter аккаунттарының тоқтатылуына байланысты сот ісін реттеу үшін америкалық Meta Platforms және X компаниялары тиісінше 25 млн және 10 млн доллар өтемақы төлеуге келісті.

Осылайша, YouTube-ке иелік ететін Alphabet Дональд Трамппен сот ісін шешкен үшінші ірі технологиялық компания болды.

Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Трамп Капитолий бүлікшілерін кешіруге уәде берді

Тамыз айында Ақ Үй TikTok-та ресми аккаунт ашты

Соңғы жаңалықтар