12:40, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Ырғыз ауданының төрт тұрғыны қабанды заңсыз аулағандары үшін ұсталды - Ақтөбе облысы
АҚТӨБЕ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төрт ер адам жабайы қабанды заңсыз аулады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аңшылар 10 ақпан күні Ырғыз АІІБ және Ырғыз-Торғай резерваты қызметкерлерінің көмегімен рейдтік шара барысында аталмыш кенттің маңында ұсталды.
30 жастағы ер адам басқарған «УАЗ» көлігінен жабайы қабанның өлі денесі табылып, алынды.
Онымен бірге көліктің ішінде 49, 53 және 54 жастардағы үш ер адам болды. Жергілікті тұрғындардан тиісті құжатсыз 16 калибрлік төрт мылтық және 17 оқ-дәрі алынды.
ҚР ҚК-нің 288 бабы бойынша (Заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Олардан ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынды. Тексеру амалдары жүргізілуде.