Ыстық тамақ 6 мыңнан астам мектепте қамтамасыз етіледі - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жайында айтып берді.
None
None

«Бізде мектепте оқитын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар жүз пайыз қамтылған. Атап айтқанда, бұл балаларды тамақтандыру толықтай іске асырылады»,-деп тоқталды Э. Суханбердиева.

Сонымен қатар ол мектептерде тегін тамақтандыру бастауыш сыныптарға ұйымдастырылып отырғанын еске салып өтті.

«Кейбір өңірлерде жергілікті атқару органдары өздерінің бюджетімен балаларды тегін тамақтандырып отыр»,-деді вице-министр.

ҚР БҒМ мәліметіне қарағанда, ыстық тамақпен 6063  мектепте 2 397 680 оқушы қамтамасыз етіліп отыр. 264 546 оқушы тегін тамақтандырылмақ.  Сонымен қатар 2 048 901 оқушы ыстық тамақпен ата-ана қаражатымен қамтылады.

Соңғы жаңалықтар