Юлия Путинцева Римде әлемнің бірінші ракеткасына жол берді

РИМ. KAZINFORM - Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.

Юлия Путинцева
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Швентек бір брейкпен басымдылықты сақтап қалды - 6:3. Екінші партияда Путинцева 4:1 есебімен алға кетті. Алайда бұдан кейін Швентек дес бермеді - 6:4. 

Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта Путинцева 4 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Швентек 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Осылайша, жекелей сында Рим додасында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Грузиядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум