Юлия Путинцева Токиода негізгі турнирге жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 66-ракеткасы Юлия Путинцева Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады.

Юлия Путинцева вышла в четвертьфинал турнира WTA 250 в Румынии
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында рейтингіде 589-сатыдағы жапониялық Саяка Иишимен бетпе-бет келді. 

Қарсыласының рейтингіде көп төмен тұрғанына қарамастан, ойын Путинцеваға оңайға түскен жоқ. 

Бірінші сетте корт иесі 6:4 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде Юлия есе қайырды — 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Путинцева 5:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық спортшы 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Ииши 3 эйс, 4 брейкпен ерекшеленді. 

Осылайша, Юлия Путинцева негізгі жарысқа жолдама алды. Оның келесі қарсыласы кейін белгілі болады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қытайдағы Нинбо турнирінде Елена Рыбакинаның екінші жыл қатарынан финалға шыққанын жазған едік. 

Сондай-ақ Юлия Путинцева Токио турнирі іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды.