Заңсыз активтер: Қайтарылған қаржыға 92 мың орындық 83 мектеп салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Қайтарылған заңсыз активтердің қаржысына елімізде 92 мың орындық 83 мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

Жайлы мектеп
Фото: Атырау облысының әкімдігі

— Қор («Қазақстан халқына» қоры — ред) құрылған уақыттан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар облыстар мен ірі қалаларда 92 мың орындық 83 мектептің құрылысына 153,3 млрд теңге қаржы бөлді. Осылайша, 2024 жылдың басынан бері 18 жаңа мектеп салынды. Негізгі үлес Астанаға, сондай-ақ Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарына тиесілі. Мысалы, Жамбыл ауданы Төле би ауылындағы 300 орындық Әл-Фараби атындағы орта мектеп пайдалануға берілді. Қызылордада физика-математикалық бағыттағы 400 орындық мектеп-интернат пен 300 орындық жатақхана құрылысы аяқталуға жақын, — деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, жаңа мектептердің салынуы 9 білім беру ұйымында орын тапшылығын, оның ішінде 6 үш ауысымды мектеп, 2 апатты және 1 апатты мектеп мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

Барлық жоспарланған 83 мектептің 56-сы салынып, пайдалануға берілді, 10-ы аяқталу сатысында, тағы 17 мектеп 2025 жылға жоспарланған.

Айта кетейік, Астанада пара алып, балабақша орнын саудаға салған шенеунік ұсталды.

Сондай-ақ, Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге қаржы жымқырғаны анықталды.

Бұдан бөлек, Антикор екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтері қайтарды.

Заңсыз активтер көбіне қай елдерден қайтарылып жатқаны айтылды.

Жамбылда ұсталған күдікті полицей Антикор қызметшісіне қару кезенген.

«Каспий» ФК басшысы діни ағым өкілдерімен бірлесе ақша бопсалағаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар