Заңсыз активтер көбіне қай елдерден қайтарылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров елімізге заңсыз активтер қай елдерден қайтарылып жатқанын айтты.

Заңсыз активтер көбіне қай елдерден қайтарылып жатыр
Коллаж: Kazinform

— Активтердің едәуір бөлігі шетелден қайтарылды. Мұндай активтердің сомасы 670,5 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Австриядан 82,1 млн доллар, Лихтенштейннен 260,5 млн доллар, БАӘ-ден 14 млн доллар, Түркиядан 13,92 млн доллар қайтарылды. Сондай-ақ, шетелдік бағалы қағаздарды сатудан 300 млн доллар қаржы түсті, - деді реми өкіл. 

Сонымен қатар, Ресей мен Франциядан да активтер анықталған, олар қазір «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-не берілді.

— Активтерді іздеу қылмыстық істерге қатысы бар тұлғалардың қаржылық ағындарын және олардың әл-ауқатын талдау арқылы жүзеге асырылады. Тексеруге тек күдіктілер ғана емес, олардың сенімді адамдары, туыстары және т.б. тартылады. Жұмыс барысында Egmont Group бейресми байланыс арналары, CARIN (Еуропа), ARIN (Азия), GlobE желілері сияқты халықаралық құралдар пайдаланылады, олар шетелдік серіктестермен ақпарат алмасу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса Интерпол ұсынған мүмкіндіктер де пайдаланылуда, құқықтық көмек көрсетуге халықаралық тергеу тапсырыстары ресми түрде жіберілуде, - дейді Данияр Бигайдаров.

Астанада пара алып, балабақша орнын саудаға салған шенеунік ұсталды.

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге қаржы жымқырғаны анықталды.

Антикор екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтері қайтарды.

Соңғы жаңалықтар