Заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді
АСТАНА. KAZINFORM – «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ІІМ республика аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Шара барысында тұрғылықты мекенжайлар бойынша 48 мыңнан астам қару иесі, сондай-ақ орталықтандырылған сақтау орындарында сақталған 3 мыңнан астам қару тексерілді.
Нәтижесінде қару айналымы мен тіркеу тәртібін бұзудың 515 фактісі анықталды. Оның ішінде қаруды сақтау жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі тіркелді. Заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді.
Сонымен қатар Алматы облысында 1944 жылы шығарылған Наган ойық ұңғылы тапанша тәркіленді. Аталған қару Жетісу облысында жасалған қарақшылық шабуыл кезінде ұрланған.
Бұдан бөлек, «Қылмыстық қару» есебінде тұрған, ішкі істер органдарының бақылауынан жалтарып жүрген 7 қару иесінің жүрген жері анықталды.
Мәселен, Алматы қаласында қару иесі Алматы облысының ауылдық округіне көшіп кеткеніне қарамастан, бір жылдан астам уақыт бойы ішкі істер органдарына жүгініп, қаруды есепке қоймаған.
Нәтижесінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қаруы тәркіленді.
Айта кетелік шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленген еді.