Зарина Дияс Қытайдағы арнайы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Чэнду қаласында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына арнайы іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Казахстанская теннисистка Зарина Дияс выиграла турнир в Испании
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс бастапқы үш кездесуін жеңіспен аяқтады.

Кілең жергілікті спортшылармен кортқа шыққан Зарина алдымен Яо Синьсиньді 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Одан кейін ширек финалда Жан Жунханьға мүмкіндік қалдырмады – 6:3, 7:5.

З.Дияс жартылай финалда Хань Шимен шеберлік байқасты. Бес брейкке қол жеткізген Зарина қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ши бір ғана брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Зарина Дияс сенбі күні финалда Аустралия ашық чемпионатының жолдамасы үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 18 жастағы Әмір Омархановтың жеңіс сериясын 7 матчқа жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Денис Евсеев Пәкістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Соңғы жаңалықтар