Зарина Дияс Таиландтағы турнирде үшінші кездесуінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 381-ракеткасы Зарина Дияс Нонтхабури (Таиланд) ITF W75 турнирінің екінші айналымына өтті.

Зарина Дияс
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, екі кездесуінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші негізгі додада алғашқы айналымда әлемнің 310-ракеткасы, америкалық Анна Роджерспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Зарина 3:0 есебімен алға кетті. Қорытынды есеп — 6:4.

Екінші сет те 6:4 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 33 минутқа созылды. 

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 258-ракеткасы, оңтүстіккореялық Чан Су Джон немесе рейтингіде 353-орындағы Хон-И Коди Вонның біреуімен таласады.

З.Дияс осы додада ресейлік Мария Ткачевамен бірге жұптық сында ширек финалға шықты. 

Қазақстандық-ресейлік жұп бастапқы матчында тайбэйліктер И-Хсуань Чо — Ю-Тсен Чоны жолдан тайдырды — 6:2, 6:3.

Зарина Дияс — Мария Ткачева ширек финалда қытайлық Шуо Фэн — грекиялық Сапфо Сакелларидимен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Таиландтағы турнирдің іріктеу сайысын сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Анна Данилина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты. 

Соңғы жаңалықтар