18:30, 15 Қараша 2025 | GMT +5
Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Польшадағы турнирде қола алды
АСТАНА. KAZINFORM — Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Польшаның Гданьск қаласында өткен WTT Feeder Gdansk халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.
Жарыс барысында Ақашева Израиль теннисшісі Элинора Давыдованы, Польша спортшысы Наталья Гаевскаяны және Хорватия өкілі Матея Йегерді жеңді.
Алайда жартылай финалда Жапония спортшысы Хитоми Сатодан жеңіліп, жарысты қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында екінші қола медаль жеңіп алды.