Іздеуде жүрген екі Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM -  Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркия
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Комитеттің мәліметінше, күдіктілер алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. 

Түркия
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады және 2024 жылғы 3 сәуірде Стамбул қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілді. Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен Тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.