21:45, 08 Шілде 2025 | GMT +5
Зеленский Қытайдың бес компаниясына қарсы санкциялар енгізді
КИЕВ. KAZINFORM – Украина президенті Владимир Зеленский Қытайдың бес компаниясына қарсы санкциялар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат оның ресми сайтында жарияланды, деп жазады ТАСС.

Тізімде Қытай Халық Республикасында тіркелген бес заңды тұлғаның атауы көрсетілген. Шектеулер мерзімі – он жыл. Санкциялар аясында активтерді бұғаттау, сауда операцияларын жүргізуге және активтерді Украинадан шығаруға тыйым салу, лицензияларды – соның ішінде жер қойнауын пайдалануға рұқсаттарды қайтарып алу және тағы басқа шаралар қарастырылған.
Бұған дейін Трамп пен Зеленскийдің Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізуді талқылағанын жаздық.