Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Зеленскийдің кеңсесі оның Трамппен кездесуі 28 желтоқсанда Флоридада өтетінін растады, деп хабарлайды DW.

Зеленский и Трамп
Фото: Alex Kent / Getty Images

20 тармақтан тұратын Украина бойынша бейбітшілік жоспарының 90 пайызы дайын.

Бұл туралы 26 желтоқсан, жұма күні Украина президенті журналистермен онлайн байланыс кезінде мәлімдеді.

Украина басшысының айтуынша, 28 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу барысында ол Киевтің қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты құжаттар блогын талқылауға ниетті.

Владимир Зеленский сонымен қатар Украинада президенттік сайлау мен референдум өткізу бойынша заңнамалық бастамалар бар екенін атап өтті. Осыған байланысты басты мәселе қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала береді.

Украина президенті келіссөздерге қатысатын барлық төрт тараптың — Украина, АҚШ, Ресей және Еуропалық одақтың келісімінсіз түпкілікті бейбітшілік келісіміне қол қоюға болмайтынын атап өтті.

2025 жылы Владимир Зеленский АҚШ-қа Ақ үй басшысымен келіссөз жүргізу үшін үш рет барды, соңғыcы 17 қазанда болды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсанда Майамиде АҚШ пен Украинаның екі күндік келіссөзі аяқталды.

Бұған дейін Зеленский Трамптың Украинадағы бейбітшілік жоспарының мазмұнын жариялады.

Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесетінін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар