Зейнетақы активтерін басқару: 2026 жылы не өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM – Зейнетақымен қамту мәселелері туралы қаулы жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

зейнетақы жүйесіндегі реформа
Коллаж: Kazinform

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Аталған құжат 8 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Жоба жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға берілген зейнетақы активтерін басқаруды одан әрі жетілдіру мақсатында дайындалған.

- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап басқарушы компаниялардың қызметін бағалау жүйесі орташа өлшенген нәтижеден қазақстандық қор нарығы мен әлемдік қаржы алаңдарының индексін қамтитын композиттік индекстерге (бенчмарктерге) негізделген бағалауға көшеді, - делінген құжатта.

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулыға келесі өзгерістер мен түзетулерді енгізуді ұсынады:

  •  салымшының зейнетақы активін белгілі бір инвестициялық портфельге беру тәртібін және шарттарын айқындау;
  •  инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийлеріне байланысты шетел валютасына инвестициялау лимитін белгілеу;
  •  басқарушы компаниялар инвестициялық портфельді таңдаған кезде БЖЗҚ-ның (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) салымшыларды ақпараттандыру жөніндегі міндетін белгілеу;
  •  басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельді таңдау туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі мен мерзімін айқындау.

Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылы зейнетақы 10 пайызға ұлғаяды. 

Соңғы жаңалықтар