Жаһандық әйелдер саммитіне Қазақстаннан кім қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — 9-11 мамыр күндері Испанияның Мадрид қаласында «Жаһандық әйелдер саммиті» форумы өтеді. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева барады.

нащира нұрбаева
Фото: СІМ

Жаһандық әйелдер саммиті Испания патшайымы Летицияның қамқорлығымен жыл сайын ұйымдастырылады. 

Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келетін әйел көшбасшылары әзірлеген шешімдері және стратегияларын бөлісу арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін талқылау жоспарланып отыр. 

«Сапар аясында Назира Нұрбаева „Әйелдер: болашақ экономикасын жандандыру“ тақырыбындағы министрлер деңгейіндегі дөңгелек үстелге қатысып, Қазақстанның гендерлік саясаттағы елеулі жетістіктерін және Қазақстан Үкіметінің, БҰҰ-Әйелдер құрылымының және қазақстандық әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ҮЕҰ бірлескен күш-жігері туралы ақпарат ұсынады», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте.

Соңғы жаңалықтар