Жабдықталмаған жағажайда шомылған екі бала Сырдарияға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында Сырдария өзенінде екі жасөспірім суға батып кетті. 

суға батты
Фото: ТЖМ

Жергілікті 112 құтқару қызметіне кеше, 1 маусым сағат 18:27–де Қызылорда қаласы маңындағы «Ягодка» саяжайында дарияға суға түсіп жүрген 2008 және 2009 жылғы екі жасөспірім суға кеткені жөнінде хабар түскен.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетіп, су асты іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде алдымен 2009, одан кейін 2008 жылғы жасөспірімнің мәйіті сыртқа шығарылып, ата-аналарына табысталды. Олардың 2-уі де Қызылорда қаласы Н.Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары екені анықталды», — деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағынан. 

Жыл басынан бері суға кету жағдайы бойынша 8 оқиға тіркелсе, оның ішінде төртеуі — бала. 

Ал былтыр шомылу маусымында суға кеткен 18 адамның бесеуі — балалар.

суға батты
Фото: ТЖМ
Соңғы жаңалықтар