«Жағдай бақылауда»: Алматы ТЖД жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырды.

Алматы қаласы ТЖД
Фото: Видеодан скрин

ТЖД мәліметінше, жағдай бақылауда.

— Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Жер сілкінісі сезілді. Сейсмология мамандары жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығын анықтап жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Ақпарат толықтырылады. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, — деді Алматы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Батпасов Ерген.

ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісі 28 қыркүйек сағат 09:38:07-де тіркелген. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің қарқыны:

* Алматыда — 3–4 балл;
* Қаскелеңде — 2–3 балл;
* Боралдайда — 2–3 балл;
* Өтеген батырда — 2 балл.

Еске салсақ, Алматыда жер сілкінісінің күші 4 балға жуықтағаны хабарланды.