Жақсылық Досқалиев ақтөбеліктерге тегін ота жасады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өтетін жерлестер форумы аясында академик Жақсылық Досқалиев туған жері Алға ауданында үш адамға ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеге келген ҚР Ұлттық трансплантация орталығының директоры Жақсылық Досқалиев туған жері Алға қаласында ота жасап жатыр. Алға аудандық ауруханасындағы шеберлік сабағы аясында лапароскопиялық ота жасалып, отадан кейінгі ем жолдары көрсетілді. Досқалиев өз сапары кезінде ауыл тұрғындарына кеңес берді. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, форум кезінде Ақтөбеге 22 дәрігер келіп, шеберлік сабақтарын өткізеді, медицина қызметкерлерімен кездеседі. Мәселен, көз дәрігері Мадина Құралова тегін ота жасайды. Бұл жұмысын ол 2011 жылы бастаған.

Ақтөбедегі форумға Жұбановтар әулетінің ұрпақтары да келді. Облыс орталығында кәсіпкер Қайрат Мәйтековтың демеушілігімен Жұбановтар әлемі мәдениет орталығы салынып жатыр. Бұл қарапайым музей емес, ғылыми орталық болады.

«Ғалым, лингвист Құдайберген Жұбанов, композитор Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанованың өмірі мен өнерін дәріптеуге арналған Жұбановтар әлемі мәдениет ошағы біздер үшін құнды нысан. Ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатыр. Біз Алматы, Астана қалаларында тұрғанымызбен  жастарды шақырып, өнер, ғылым жолындағы тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Жұбановтар әулеті кез келген көмекті беруге дайын. Бәріміз педагогпыз. Алдағы уақытта шеберлік сабақтарын өткізуге атсалысамыз»,- деді Ардақ Жұбанова.

Соңғы жаңалықтар