#Жақсылық жаса: Ақтөбелік 8 баласы бар отбасыға пәтер сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбеқұрылысэксперт» компаниясының директоры Жасталап Жанбауов 8 баласы бар Сәдуовтер отбасының тұрғын үй мәселесін шешіп берді.null

47 жастағы «Алтын алқа» иегері Салтанат Сәдуованың айтуынша, сегіз баланың екеуі мүгедек. Отағасы ІІ топ мүгедегі. Отбасы бірнеше жыл бұрын Әйтеке би ауданынан Ақтөбе қаласына көшіп келді. Қалада 4 жылдан бері пәтер жалдап жүр.null

«Осы қуанышты сәтті біз төрт жыл күттік. Міне, қамқор жандардың, облыс басшылығының арқасында біздің өз пәтеріміз бар. Жасталап Жанбауов - жерлесім, өзі де көп балалы отбасында өсті. Көмегі мен қамқоры үшін алғыс айтамын», - деді Салтанат Сәдуова.null null

Кәсіпкер пәтер келтін табыс етіп, Сәдуовтар отбасына пәтерін көрсетті.

«Қайырымды істен ешкім тыс қалмауы керек. Біздер, кәсіпкерлер мұқтаж жандарға қолдан келген көмігімізді аямағанымыз жөн. Бизнес өкідері бұл бастамаға қолдау көрсетіп, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді деп сенемін. Әріптестерім, бірнеше құрылыс компанияларының басшылары да көмек қолын созуға әзір. Кәсіпкерлерді өз үлестерін қосуға шақырамыз»,- деді Ж.Жанбауов.null

Еске сала кетейік, Ақтөбе кәсіпкерлері мен шенеуніктер бір айлық жалақыларын мұқтаж отбасыларға аударған еді.

null

Соңғы жаңалықтар