Жалған діни идеологиямен күресте халықаралық ынтымақтастықты арттыру керек - Р. Василенко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі теракті дін атын жамылған жалған діни идеологиямен күресте халықаралық ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын көрсетті. Бүгін Астанада «Манифест: Әлем. ХХІ ғасыр. Соғыссыз әлем» атты тақырыптағы дөңгелек үстелде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко осылай мәлім етті.

«Ақтөбедегі бұл терактілер тағы бір мәрте жалған діни идеологиямен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын қуаттап отыр. Десе де, дәл осы мәселені ҚР Президенті Н. Назарбаев халықаралық қауымдастық алдында ұдайы көтеріп келеді.  Мәселен, Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында әлемдегі террористік ұйымдардың реестрін құрып, оған қауіпті ұйымдар тізімін бекітуді ұсынған болатын. Терроризмге бірыңғай анықтама берілуі тиістігін де Елбасы алға тартып, ең ақыры жаһандық терроризмге қарсы коалиция құруды да ұсынған еді. Бұл мәселелер күн өткен сайын өзінің өзектілігін танытып келеді», -деді Р.Василенко.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Мемлекет басшысы бастамаларының тиімді шешім табуына барлық мүмкіндіктерді қарастырып, күш-жігерлерін салуда. Сондай-ақ, ол терроризм мәселелесі бүгінгі күні әлемнің барлық елдерін алаңдатып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ақтөбеде 5 маусымда орын алған оқиғаға қатысты әлемнің барлық елдерінде мыңдаған адамдар Қазақстанның Елшілігіне келіп, қайғыға ортақтасып, қолдауларын білдірген.

Соңғы жаңалықтар