Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі тас жол бойында тұр

Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі тас жол бойында тұр
Фото: видеодан алынды

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты 500-ден астам жүк көлігі тас жолдардың бойында тұр, деп хабарлайды Kazinform. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Тәртіп сақшылары жаураған жолаушыларға ыстық шай мен нан таратып, жағдайды түсіндіруде. Алыс жолға шыққан көліктердің майы қатып, техникалары істен шығып, жолда бұзылып қалып жатыр. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстайтын болады.

Соңғы жаңалықтар