Жамбыл облысында 6 жасар бала өлімінен кейін бас дәрігер жұмысынан босатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қайғылы оқиға қазан айында Т.Рысқұлов ауданындағы орталық ауруханада болған еді.

Ербол Қарашөкеев.
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Туыстарының айтуынша, балаға дискинезия — қозғалыс белсенділігінің бұзылуы немесе ішкі ағзалардың, әсіресе өт шығару жолдары моторикасының бұзылуы диагнозы қойылған. Емдеу симптомдарды жеңілдететін, бірақ оның негізгі себебін жоймайтын көмекші «Креон» препаратымен шектелген.

Баланың анасы да екі жыл бұрын дәл осы ауруханада қайтыс болған.

– Жағдай бойынша әкімдікте жұмыс тобы құрылып, жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Тексеріске тәуелсіз сарапшылар да тартылды. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық-фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті де тексеру жүргізді. Нәтижесінде бас дәрігер қызметінен босатылды, – деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Осы жағдайдайдан кейін басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен жұмыс жүргізілген және әкім ахуалды бақылауда ұстайтынын айтты.

Бұған дейін Е. Қарашөкеев көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 710 пәтер сатып алынатынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар