Жамбыл облысында аң аулауға шыққан бала көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM – Мойынқұм ауданы тұрғыны түнде үш досымен аңға шығып, алған жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, өткен түні төрт жасөспірім аң аулауға шыққан. Олардың біріне оқ тиіп, ауыр жарақат алған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, жергілікті полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
— Оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп отыр, — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған балалар қаруды иемденіп, түнгі уақытта қараусыз жүргені үшін олардың ата-аналарын міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылып жатыр.
Айта кетелік Батыс Қазақстанда аң аулау кезінде 17 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алған еді.