Жамбыл облысында газға бай шөгінді табылды

АСТАНА. KAZINFORM – «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Жамбыл облысында тағы бір әлеуетті газ кенішін барлау жұмыстарына дайындақ басталғанын мәлім етті.

Жамбыл облысында газға бай шөгінді табылды
Фото: видеодан алынған скрин

- Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл облысының Малдыбай учаскесінде газ шөгіндісі бар екенін дәлелденді. Қазір сейсмикалық барлау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, - деді Әлібек Жамауов «Самұрық-Қазына» қоры қоғамдық кеңесінің отырысында.

Сондай-ақ, ол аталған облыстағы Анабай учаскесіне де тоқталды.

- Жамбыл облысының Анабай кен орнында жұмыс жалғасып жатыр. Газ сапасын бағалауға арналған 1 ұңғыма, пайдалануға арналған 3 ұңғыма бұрғыланды. Дәлелденген газ қоры – 3,2 млрд текше метр, - деді ұлттық компания басшысы.

Бұған дейін Қостанай облысының газ құю стансаларында ұзын-сонар кезек пайда болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар