14:09, 06 Қараша 2024 | GMT +5
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасында хабарланды.
— 2024 жылғы 6 қарашада сағат 16:00-ден 2024 жылғы 7 қараша сағат 04:00-ге дейін Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген компания таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін маңғыстаулық оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқитыны хабарланды.
Сонымен қатар Оралда алғашқы жауған қар көлік қозғалысына қиындық келтіргені де айтылды.