Жамбыл облысында шекарадан 30 келі есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

ТАРАЗ. KAZINFORM – 14 желтоқсанда Жамбыл облысындағы «Айша бибі» өткізу пунктінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.

Атырауда есірткі сатқан 3 шетелдік 10 жылға сотталды
Фото: Polisia.kz

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, техникалық құралдарды қолдану барысында көліктің жасырын бөліктерінен күдікті зат салынған 36 қап табылған. Қаптардың бір бөлігінде «999» таңбасы болған.

- Жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келіден асатыны және олардың есірткі екені анықталды. Атап айтқанда, 0,999 келі героин, 3,620 келі апиын және 25,949 келі гашиш тәркіленді, - делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша шетелдік азамат ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды.

Соңғы жаңалықтар