Жамбыл облысының 24 ауылына ауыз су беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбылда жыл соңына дейін 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу, қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы әкімі Ербол Қарашөкеев айтып берді.

Жамбыл облысының 24 ауылына ауыз су беріледі
Фото: Үкімет

Бұл жұмыстарға 13,9 млрд теңге бағытталған, нәтижесінде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін 100%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Газдандыру аясында облыстың 6 ауданында 20,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен бірге, облыс қалаларында жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырымға созылған, олардың тозу деңгейі 54% жеткен.

– Биыл Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту және жаңа мөлтекауданда жылу желілерін кеңейту жұмыстары аяқталды. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы және орталық қазандықтар қайта жаңғыртылады. Нәтижесінде биыл жылу желілерінің тозу деңгейі 53%-ға дейін төмендейді, – дейді Е. Қарашөкеев.

Бұған дейін әкім облыста 6 жасар бала өлімінен кейін бас дәрігер жұмысынан босатылғанын айтқан еді.

Сондай-ақ, жамбылдық шаруалар 890 мың тонна өнім экспорттаған.

Соңғы жаңалықтар